Қоғам

Жаңа жыл қарсаңында полиция күшейтілген қызмет режиміне көшті

Полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері күшейтілген қызмет режиміне көшті, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/

Ішкі істер министрі қызметкерлерге қоғамдық тәртіпті қорғау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берді.

– Полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері өздеріне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарып келеді. Осы мереке күндері біздің азаматтар отбасымен және жақындарымен демалады. Сондықтан сіздер қоғамдық қауіпсіздікті жоғары деңгейде қамтамасыз етіп, “заң мен тәртіп” қағидатын жүзеге асыруға тиіссіздер, – деп атап өтті министр Ержан Саденов.

Министр өңірлерде гарнизондық жиындар өткізу туралы тапсырма берді.

– Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуді, мерекелік шаралар өтетін орындарға нарядтардың жақын орналасуын, орталық алаңдарды, адам көп жиналатын жерлерді, отшашуға арналған орындарды бақылауда ұстауды тапсырамын. Жедел басқару орталығы тәулік бойы визуалды бақылауды қамтамасыз етіп, кез келген оқиғаға жедел ден қоюы қажет, – деді Ішкі істер министрі.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button