Жаңалықтар

Жаңа жыл жоралғысын жасады

наурыз10

Ұлыстың ұлы күні Алматы ауданына қарасты Күйгенжар, Интернациональный, Железнодорожный тұрғын алаптарында кеңінен мерекеленіп, ұлттық құндылықтарымыз дәріптелді.

Күйгенжар тұрғын алабында жаңадан ашылған №42 орта мектепте мерекелік концерт өтіп, оқушылар театрландырылған қойылымдар қойды. Ауыл халқы белсене атсалысқан мерекелік іс-шарада қариялар қауымы да өз өнерлерін ортаға салды. 20 наурызда Интернациональный тұрғын алабының тұрғындары «Тағам» дәмханасында бас қосып, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, ардагерлер мен мүгедектерге арнайы дастарқан жайды. Жылы лебіздер мен ті­лектер айтылған думан кеше, 21 наурыз күні, Железнодорожный тұрғын алабында жалғасты. №29 мектеп оқушылары түрлі шаралар – арқан тарту, асық ату сияқты жарыстар өткізіп, ауыл тұрғындарын концерттік бағдарламаларымен қуантты. «ҚазГерСтрой» БК АҚ компаниясы өз киіз үйін тігіп, ауданның көпбалалы аналарына азық-түлік қоржынын таратты.

Нұргүл АХАНҚЫЗЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button