Мәдениет

Жаңа жылдық жәрмеңке- фестивальге шақырады

Кеше EXPO халықаралық көрме орталығында Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Жаңа жыл Fest&Gastromania» жаңа жылдық жәрмеңке-фестивалі ашылды. 17 желтоқсанға дейін жалғасатын жәрмеңкені «QazExpoCongress» ҰК ұйымдастыруда.

Жәрмеңке аясында EXPO ХКО қонақтарына мәдени-ойын-сауық бағдарлама ұсынылады. Атап айтқанда, DJ-дің орындауында жаңа жылдық музыкалық жинақ, кофе қайнату бойынша баристалар жарысы, жаңа жылдық фотоаймақ болады. Ал Санта Клаустың шеберханасына келушілер жаңа жылдық ойыншықтар, сыйлықтар мен зімбір тәттілер жасаудан шеберлік сабағына қатыса алады, Аяз ата, Ақша қармен кездесу, шыршаны айнала билеу, тосынсыйлар мен ұтыс ойындары ұйымдастырылады. Келушілер қазақстандық азық-түлік өндірушілермен танысып, жаңа жылдық тәттілердің дәмін татады, үйді безендірумен және безендірудің ең үздік тәжірибелерімен танысады. Сондай-ақ келушілер достарына, жақындарына кәдесыйлар мен сыйлықтар сатып ала алады. Іс-шара барысында қысқы киім-кешек сатылады. Осының барлығы мерекелік атмосфераны сезінуге мүмкіндік береді.

Іс-шараның негізгі бағыттарына жаңа жылдық безендіру, мерекелік декор, жаңа жылдық ойыншықтар мен сыйлық орамасы жатады. Гастрономия бағытында тәттілер, кондитерлік өнімдер, өңделген тағамдар, таңсық тағамдар, снэктер, кофеханалар, кафелер мен мейрамханалар болады. Сыйлықтар мен кәдесыйлар – тұрмыс техникалары мен тауарлар, сыйлық қораптары, косметика және денсаулыққа пайдалы өнімдер қойылады. Қолдан жасалған тауарлардан ойыншық, тоқыма, зергерлік, қолөнер бұйымдары ұсынылады.

Жәрмеңке-фестиваль – микро, шағын және орта бизнес өкілдерін, сондай-ақ қолдан жасалған бұйымдарды ұсынатын қолөнершілерді біріктіруге және қолдауға мүмкіндік беретін әлеуметтік жоба. Былтыр өткен алғашқы жаңа жылдық жәрмеңкеде 200-ден астам кәсіпорын, оның ішінде 100-ден астам қолөнерші жиналып, іс-шараға 26 мыңға жуық адам қатысқан еді. Биыл 200-ге жуық қатысушы мен 50 мыңдай адам келеді деп күтілуде.

Тағыда

Райхан Рахметова

«Астана ақшамы» газетінің шолушысы

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button