Sport

Жаңаның аты – Янга

«Астана» футбол клубы Премьер-лиганың 21-турында сырт алаңда «Ақтөбемен» кездесіп, 1:1 есебімен тең түсті.

 Матчта алғашқы гол 34-минутта соғылды. Алаңның орталық тұсынан Роман Мұртазаев жеткізген допты Рангело Янга ойланбастан қақпаға тура бағыттап, «Астананы» алға шығарды. Бұл – жаңа ойыншы Янганың «Астана» сапындағы алғашқы голы. Ал алаң иелері сапынан қарымта голды 54-минутта Александр Симчевич соқты. Кездесудің қорытындысы бойынша алғашқы голды салған Рангело Янганы әлеуметтік желіде жанкүйер қауым үздік деп таныды.
Роман Григорчук шәкірттерін алда Чемпиондар лигасында Хорватияның «Динамосына» қарсы ойын күтіп тұрды. Содан болар, астаналықтар бұл ойында бар күштерін сарп етпеді.
Елордалықтар осымен 15 ойын қатарынан ақтөбеліктерге есе жібермей келеді. Турдың қалған ойындарында мына нәтижелер тіркелді: «Шахтер» – «Қайрат» – 1:1, «Тобыл» – «Ордабасы» – 1:1, «Қызылжар» – «Ертіс» – 1:1, «Атырау» – «Қайсар» – 2:1, «Жетісу» – «Ақжайық» – 1:1.

Аян ӘБДУӘЛИ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button