#Жаңа Қазақстан

Жаңаөзендегі жүздесу

«Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев, төраға орынбасары Қазыбек Иса, партия атынан Мәжіліс депутаттығына кандидат Азат Өтепбай 14 наурыз Амал мерекесін халық ортасында өткізуді мақсат тұтып, Жаңаөзен қаласына барды.

Штаб өкілдері алдымен Бекет ата басына зия­рат етуден бастады. Жолда Шопан ата, Оғланды зираттарына құран оқыды. Құтпан намазын Бекет ата басындағы мешітте оқыған зиярат етушілер Бекет ата өмірімен танысып, әулиенің рухына дұға бағыштағаннан кейін «KMG EP Catering» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті. Кәсіпорын ұжымы да «ақжолдықтарды» Құрманғазының әйгілі «Адай» күйімен қарсы алып, қазақтың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келген салт-дәстүріне сай қонақжайлық танытты. Партия жетекшісі жиында саяси бағдарламаны таныстырып, Парламентте атқарылған жұмыстарға тоқталды.

– «Ақ жол» партиясы – елдегі ең тәжірибелі партиялардың бірі. Сайлаушылармен кездесуде біз тек партия бағдарламасы мен жоспарларымыз туралы ғана айтпай, сайлаушылар алдында атқарылған жұмыстар жөнінде де есеп береміз. Соңғы 3-4 жылда, Қ.Тоқаев президент болып сайланғалы бері, 10-12 жылдан бері табандылықпен ұсынып келген «Ақ жол» партиясының бастамалары жүзеге аса бастады. Мысалы, қазір көпшіліктің несиесі бар, бұл – халық мойнындағы қамыт. Біздің партия 8 жыл бойы «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» заңды қабылдау үшін күресіп келді. Сегіз жыл бойы Үкімет ұсынысымыздан бас тартып келген. Биылғы жылдың 3 наурызында бұл заң күшіне енді. «Ақ жол» партиясы Парламенттік фракциясы құрылған соң өз жұмысын жалғастырады, – деді А.Перуашев.

Жиын барысында «Ақ жол» партиясының кандидаттары партия бағдарламасын таныстырып, әлеуметтік әділеттілік, қаланың инфрақұрылымы, медициналық сақтандыру, халық тұтынатын тауарлар бағасына қатысты мәселелерді талқылады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button