БілімЖаңалықтар

ЖАҢАРТЫЛҒАН КУӘЛІКТЕР БЕРІЛДІ

мектеп болашак

Таяуда елордада «Болашақ мектебі – бүгін» жүйесіне қатысушы мектептердің отыз бес мың оқушысына жаңартылған куәліктер берілді.

Енді оқушылар арнаулы куәліктермен мектептерге, Оқушылар сарайына, спорттық мекемелерге, үйірмелерге және басқа да жерлерге автоматты түрде кіре алады. Сонымен қатар, мектеп және қала кітапханаларына тіркеліп, кітаптар алады, сондай-ақ, асханаларда есеп айырысады.

Болашақта осы карточкамен қоғамдық көлікте ақшасыз төлем жасау көзделген. Сондай-ақ, жоба аясында мектептерде бейнебақылау жүйелері орнатылмақ.

Қазіргі кезде «Болашақ мектебі – бүгін» жобасына Астананың 17 мектебі қатысуда, 2017 жылға қарай осы жүйеге қаланың барлық мектебін кезең-кезеңмен қосу жоспарланған.

2014 жылы ата-аналар үшін балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қосымша ақылы қызметтер ұсыну арқылы жобаны коммерцияландыру шаралары қолға алынды.

Ақылы қызметтерге ата-аналарды оқу­шылардың қозғалысы туралы СМС-хабарлама арқылы (мектепке, спорттық ғимараттарға, оқушылар сарайына және басқа да демалыс орындарына, қосымша сабақтарға баруы туралы) ақпараттандыру жатады.

Жобаның тиімділігінің негізгі факторлары: мектептерге бөгде адамдардың кіруін болдырмау және қалалық мек­тептерде бейнебақылау жүргізу арқылы лаңкестікке қарсы қорғанысты күшей­ту; ата-аналардың және білім меке­­ме­лерінің оқушылардың сабаққа қаты­суын бақылауын автоматтандыру; мектеп және қалалық кітапханаларда кітап­ханалық іс жүргізуді автоматтандыру; жаб­дықтаушылардың мектепте тамақтану қыз­меттерін ұсынуының сапасын бақылау; қоғамдық көлікте оқушылардың жолақы төлеуін автоматтандыру; оқушылардан ақша бопсалау жағдайларын болдырмау; Білім басқармасына оқушылардың сабаққа қатысуы мен кітапхана қорын пайдалану бойынша есеп беруді автоматтандыру.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button