Мәдениет

Жаңаша жаңғырды

Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрында И. Штраустың «Жұбайлар жұмбағы» (Жарқанат») музыкалық комедиясының премьерасы өтті. Классикалық шығарманы қазақ тіліне Есім Сегізбаев аударған. Қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Жұманиязов.

[smartslider3 slider=434]

Аталмыш қойылым Қаллеки театрының ескі сахнасында алғаш рет 2010 жылы қойылды. Арада уақыт өткенде репертуардан түсіп қалды. Жаңа театрға көшкенде көрермендердің сұрауымен кең сахнада қайтадан жаңғырды.
Спектакльде әдеттегідей қос құрам ойнайды. Оның алғашқысына Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Нұркен Өтеуіл, Айнұр Бермұхамбетова, Қуандық Қыстықбай, Ержан Нұрымбет, Жәнібек Мұсаев сынды елге танымал, тәжірибелі актерлер тартылса, екіншісінде «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Жасұлан Ерболат, жас актриса Ақжан Құрмашева, Қазақстан Жастар одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты Шах-Мұрат Ордабаев, Сағыныш Нұрқайдарова, Әнуар Бектас, Ұлан Қабыл, Біржан Жүнісов, Бекарыс Шалқар сынды жас актерлер өнер көрсетеді.
Қойылымның жарқырап көрінуіне қоюшы-суретші Қанат Мақсұтов, киім суретшісі Шынар Елембаева, хормейстер Ержан Сансызбаев, хореограф Салтанат Жолымбаева, симфониялық оркестрдің бас дирижері, Мәдениет саласының үздігі Ерлан Бейсембаев, вокал шебері – Қазақстанның халық әртісі Хорлан Қалиламбекова, концертмейстер Татьяна Развина атсалысты. Олардың еңбектерін де атап өту керек. Ойнақы комедияда ән де, би де мол. Декорация да көздің жауын алады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button