ЖаңалықтарЭкономика

ЖАҢАШЫЛДЫҚ ӨЗ ЖЕМІСІН БЕРУДЕ

Каныш

Елімізде іске асырылып жатқан Үдемелі индустриалды–инновациялық даму бағдарламасына жаңашылдықтарды енгізудің жайы қалай? Олар өз дәрежесінде қолдау тауып отыр ма? Орталық коммуникациялар қызметінің кешегі брифингі осы мәселеге арналды.

«Бәйтерек» холдингінің басқарушы директоры Қаныш Төлеушиннің сөзіне сенсек, аталмыш бағдарламаның алғашқы бесжылдығының қорытындылары жаман емес. Табысты реформаларды жүргізудің және бағдарламаны қаржыландырудың жаңа көздерінің табылуының арқасында елдің ғылыми-инновациялық даму көрсеткіштері түбегейлі жақсарған. Мәселен, 2009 жылмен салыстырғанда инновациялық белсенді кәсіпорындардың көлемі соңғы кезеңде 2 есе өсіп, 8 пайызды құраған. Ал, инновациялық өнім көлемі болса 7 есеге артып, 578,3 млрд теңгеге жеткен.

Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттіктің басқарма төрағасының міндетін атқарушы Санжар Ізтілеуов оның сөзін қостап, еліміз INSEAD индексі бойынша 5-сатыға көтеріліп, 79-орынға шыққанын айтты. Сондай-ақ, бағдарламаны жүзеге асыру барысында Қазақстан Әлемдік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингінде «Инновация» факторы бойынша 31-сатыға көтерілгенін жеткізді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button