Сұхбат

ЖАҢҒЫРТУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ӨЗІ ЖЕҢІЛДІК

ремонт1

2011-2020 жылдарға арналған «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізуге болады. Осы бағдарлама жөнінде Астана қаласы Тұрғын үй инспекция­сы басқармасы заң және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі, персоналды басқару қызметінің бөлім басшысының міндетін атқарушы Ринат Сағынаевтан сұрап білген едік.

– Бұл бағдарламаға қатысу үшін тұрғын үй иелеріне қандай талаптар қойылады?

– Бағдарлама шартына сәйкес тұрғындар қайтарымдық негізде бюджеттік қаржы есебінен үйлеріне күрделі жөндеу жүргізе алады. Бағ­дарламаға қатысу үшін, біріншіден, тұрғын үй кондоминиумы нысанын әділет органдарында тіркеу керек. Екіншіден, тұрғын үйдің кондоминиум нысанының басқару органын таңдау керек (ПИК, басқарушы компания және т.б.). Сондай-ақ, пәтер иелерімен жалпы жиналыс өткізіп, бағдарламаға қатысу үшін тұрғындардың кем дегенде
66,7%-ының келісімін алу қажет.

– Алдағы уақытта қанша үйге жөндеу жүргізілмек?

– Қазіргі уақытта ТКШ жаңғырту бағдарламасы аясында елордада 20 көп пәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізілді. Соның ішінде 12 үй – Алматы ауданында, 8-і Сарыарқа ауданында орналасқан. Жалпы, пәтерлер саны 1713-ті құрайды.

Бүгінгі таңда 2015 жылға арналған бағдарламаға қатысушылардың тізімі жасалуда. Астанада 31 тұрғын үй жалпы кондоминиум мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу тізіміне енгізіліп қойды.

– Бағдарлама көлемінде тағы қан­дай жеңілдіктер қарастырылған?

– Бұл бағдарламаның өзі – жеңілдік.
Ал, тұрмысы төмен отбасыларға жер­гілікті бюджет есебінен тұрғын үй жөн­деуге кеткен шығындарын төлеуге көмек көрсетіледі. Бұл туралы толық ақпаратты қала тұрғындарының тікелей біздің мекемеден алуына болады.

 Нұрислам ҚҰСПАНҒАЛИ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button