Жаңалықтар

Жанға жайлы жағажай

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласындағы орталық саябақта болды.

ПРЕЗИДЕНТ И ДЕТИ

Мемлекет басшысы саябақтың инфрақұрылымымен танысып, жаңадан ашылған жағажай аймағын көрді.
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев электромобильмен қоғамдық демалыс аймақтарын аралап шығып, елорда тұр­ғындарымен әңгімелесті.
Қазақстан Президенті қала­лықтардың жаппай, белсенді және мазмұнды демалысы үшін барынша қолайлы жағдайлар жасаудың маңыздылығын атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, мәдени-сауықтық қызметтерді сапалы ұйым­дастыру жастардың, әсіресе, жаз мезгіліндегі уақытын пайдалы өткізуіне септігін тигізеді.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы әуесқой жасөспірім балуандардың белдесуі өтіп жатқан саябақтың спорт ала­ңында болды.
Қаланың орталық саябағының инфрақұрылымын жетілдіру жұмыстары аясында аттракциондар орнату жұмысы жүр­гі­зіліп, спорттық және ересектер мен балаларға арнал­ған бассейндері бар заманауи жағажай аймағы ашылды. Сон­дай-ақ, жаттығу алаңы, шаң­ғы роллеріне ар­налған ұзын­дығы 3,8 шақы­рым трассасы бар дене шы­нықтыру және сауықтыру аймағы ашыл­ған. Саябақ аумағындағы сауда нысандары шаһардың архитек­туралық стилімен үй­лестірілді.
Мұнда күн сайын клас­си­калық және танымал музыка концерттері, таза ауада бұқаралық спортпен айналысу тәрізді мәдени-көпшілік және спорт шаралары өтеді. Жаңғырту жұмыстары нәти­жесінде саябаққа келушілер саны жұмыс күндері 3 мыңға дейін, ал демалыс күндері 10 мыңға дейін көбейді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button