Елорда тынысы
Жанқош Тұраровтың жекпе-жегі өтпейтін болды
Кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың жоспарланған жекпе-жегі өтпейтін болды, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/
Қазақтстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров пен венесуэлалық Карреа Пинтоның 28 қыркүйекте өтетін жекпе-жегі кейінге қалдырылды.
63,5 кг салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров кездесуге қатысты мәлімдеме жасады.
“Ассалаумағалейкүм, достар! 28 қыркүйекке жоспарланған жекпе-жегім жаттығу кезінде оң иығымнан жарақат алуыма байланысты кейінге қалдырылды. Қай уақытта болатынын алдағы күндері хабарлаймын”, – деп жазды ол.