Елорда тынысы

Жанұя – мемлекет негізі

Елорда әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында «Жанұя – мемлекет негізі» атты жобаның тұсауы кесілді. Оған Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмырзаев, қалалық және Алматы ауданының сотының өкілдері мен әкімдікке бағынышты бірнеше мекеменің мамандары қатысты.

[smartslider3 slider=2481]

Қазіргі таңдағы қалыпты жағдайға айналып бара жатқан ажырасудың алдын алу, отбасы институтын нығайту, жас отбасыларға қажетті қолдау тетіктерін қарастыру мақсатында бірлескен жоба жоспары шаһар басшылығына ұсынылып, тиісті қолдау тапқан болатын. Сол жобаның таныстырылымы мен бірге бірнеше маңызды шара орталықтың бірінші және екінші қабатында өтті.

Мәжіліс залда жиналғандарға осы орталықтың басшысы Ә.Садыр жобаға тоқталып, егжей-тегжейлі таныстырып өтті. Алдағы жоспары мен күтілетін нәтижелерді баяндады. ­Е.Бекмырзаев және жиынға қатысқандар жобаға қатысты сұрақтарын қойып, жетілдіруге қатысты ұсыныстарын білдірді. Бұл жобаны жүзеге асыруда психологтардың пайдасы көп, – дейді қала әкімінің орынбасары. Оның ойын осы жиынға қатысқан АХАТ қызметкері де қолдап, бұрындары некелер психологтың қатысуынсыз қиылмайтын деген пікір білдірді. Сондай-ақ әлеуметтік желілерге арналған мағлұматы мол бейнеролик көпшілік назарына ұсынылды.

Жоба аясында жоспарланған іс-шаралардың алғашқы легі де бір уақытта болып жатты. Мәселен, төменгі қабатта оқушылардың қатысуымен саз балшық илеп, құмыра жасау өнері көрсетілді. Ал ғимараттың екінші қабатында А.Тәңірбергенова, Т.Шәкен, М.Қуандық секілді ұлттық өнерді ұлықтап жүрген жандармен кездесу болды. Кездесуге жоғары сынып оқушылар қатысып, аналардың ақылына құлақ түрді. Осы залдың бір бұрышында этнограф ісмер Жанна Бектемісова оншақты қыздарға ұршық иіріп, жіп жасаудан шеберлік сыныбын өткізді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button