Жаңалықтар

Жанұялар жарысы

Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдас­ты­руымен М.Өтемісов атындағы Оқушылар сара­йында Халық­ара­лық отбасы күні мерекесіне
орай ата-аналар арасында «Отан – отбасынан басталады» атты байқау өтті.

Сайысқа қатысушылар әуелі өз отбасыларын таныстыру аталымы бойынша сынға түсті. Одан кейін ұлттық салт-дәстүрлерге қатысты сұрақтарға жауап беріп, мақал-мәтел айтып жарысты. Үшінші айналымда әр отбасы өз өнерлерін ортаға салып, көрермендердің ықыласына бөленді. Байқауға белгілі журналист Жұмагүл Солтиева, Тіл және мәдениет қоғамының төрағасы Әнуарбек Ералы және Мәдениет қайраткері, сазгер Қайыржан Мақановтар қазылық етті.

Жалпы, бұл сынға іріктеліп алынған 10 отбасы атсалысты. Жарыс қорытындысында 3-орынды Сейтіков Әділ мен Бекзат Алтын­бековтың отбасылары өзара бөлісті. 2-орында – Мемлекеттік филармонияның әртісі Асқар Қалкеновтың жанұясы. Ал, 1-орынға ҚР Ішкі әскер ансамблінің жетекшісі Естай Айтқұловтың жанұясы лайық деп табылса, бас жүлдені «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалында күзетші болып қызмет атқаратын Серік Таңатбаевтың отбасы жеңіп алды.

Еркежан СӘТІМБЕК

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button