Жапония елшілігі Астанада салтанатты қабылдау жиынын өткізді

Жапонияның Қазақстан Республикасындағы елшілігі Жапония императоры Нарухитоның туған күніне орай салтанатты қабылдау өткізді.
Аталған қабылдауға саяси, экономикалық және мәдени ортаның, сондай-ақ БАҚ өкілдері, дипломаттар мен резидент азаматтар қатысты. 3 наурызда жапон халқы «Хинамацури» (қыздар мерекесі немесе қуыршақтар фестивалі) мерекесін атап өтеді. Осы күні бүлдіршін қыздары бар әр отбасы «хина нингё» арнайы дәстүрлі қуыршақтарды үйіне қояды. Аталған мереке елшіліктің биылғы қабылдау өткізу күніне жақын болғандықтан, қабылдау кезінде жапон ұлттық қуыршақтары көрмеге қойылды.
Іс-шарада Toyota Tsusho жапон компаниясы Lexus LM, Toyota Prado, Toyota Camry Hybrid автокөліктерінің соңғы үлгісін ұсынды. Hitachi Kenki компаниясы өзінің қызметін қонақтарға таныстырды. Іс-шараның ашылу рәсімінде «Кагами вари (сакэ құйылған бөшкені жару)» дәстүрлі жапон салтанатын өткізілді. Қонақтар Жапония елшісінің бас аспазы дайындаған жапон тағамдарының (суши және т.б) дәмін татты.
Жапония мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұрандары орындалғаннан кейін Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ииджима Ясумаса, Қазақстан тарапынан Өнеркәсіп және құрылыс министрінің орынбасары Рахымжан Исақұлов құттықтау сөз сөйледі. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ревизиялық комиссиясының төрағасы, ҚР-дағы JICA түлектері қауымдастығының президенті Нұрлан Сәрсенбай «Күншығыс, Алтын шуақ» орденімен марапатталды.
Аманғали Қалжанов