Ел тынысы

Жапонияда Қазақстанның капитал нарығы таныстырылды

Кумамото қаласында (Жапония) АСЕАН+3 бастамасы шеңберінде ұйымдастырылған 40-шы халықаралық облигациялар нарығы форумының алаңында Қазақстанның капитал нарығы таныстырылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

Іс-шараға қаржы министрліктерінен, орталық банктерден, бағалы қағаздар нарығын реттеушілерден, биржалар мен депозитарийлерден, қаржы нарықтары қауымдастықтарынан, сондай-ақ өңірдегі ірі қаржы институттары мен ақпараттық технологияларды жеткізушілерден 100-ден астам сарапшысы қатысты. Қазақстан делегациясының құрамында форумға Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, Қазақстан қор биржасының және Орталық депозитарийдің өкілдері қатысты.

Форум тәжірибе алмасуға және облигациялар нарығын дамыту стратегияларын қалыптастыруға ықпал ететін маңызды экономикалық оқиға болып табылады. Негізгі міндеті – жалпы талаптар мен тәжірибелер негізінде АСЕАН+3 елдерінің нарықтарын интеграциялау.

АСЕАН+3 облигациялар нарығы форумын (ASEAN+3 Bond Market Forum) 2010 жылғы мамырда бірлесіп АСЕАН+3 құратын Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығы елдерінің (АСЕАН), сондай-ақ Қытай Халық Республикасының, Жапонияның және Корея Республикасының қаржы министрлері құрды, Азия облигациялар нарықтарын дамыту жөніндегі бастаманың (ABMI) бір бөлігі және АСЕАН+3 бастамасы шеңберіндегі іс-шаралар мен ұсыныстар талқыланатын өңірлік платформа болып табылады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button