Жаңалықтар

Жарайсың, Жас ұлан!

MMM_0732

«Отан қорғаушылар» алаңында Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебі түлектерін шығарып салу рәсімі өтті. Салтанатты шараға Қорғаныс министрлігінің өкілдері, Қарулы Күштердің ардагерлері және ұландардың ата-аналары қатысты.

Білім ордасымен биыл 75 ұлан қош айтысты. Бұл – мектеп құрылғалы бері түлектер саны жағынан ең үлкен көрсеткіш. ҰБТ-дағы орташа балл есебі де былтырғыға қарағанда жоғары болып, 85,2 құрады.
«Жас ұлан» мектебі тәрбиеле­нушілерінің дайындық деңгейі жыл сайын өсіп келе жатыр. Бүгінгі күні мектеп түлектері Құрлық әскерлерінің Әскери институтында, Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институтында, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында, ҚР ҰҚК, ТЖМ және ІІМ жоғары оқу орындарында әскери білім алуда. Сондай-ақ, Ресей, Беларусь және Қытай елдерінің әскери жоғары оқу орындарының курсанттары болып саналады.

Күнайым СӘКЕН

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button