Мәдениет

Жарайсың, желаяқ Жерута!

Америкада өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының спортшысы Нора Жерута 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруде 8:53,03 уақыт көрсеткішімен әлем рекордын жаңартып, дүние жүзінің чем­пионы атанды.

[smartslider3 slider=3539]

Нора Жерута 1995 жылы Кенияның Койтабек округында фермер отбасында дүниеге келген. 2017 жылдан бері Өскемен қаласының «Алтай Атлетикс» клубында жаттыққан. 2018 жылы Қазақстан азаматтығын алуға өтініш білдіріп, тиісті ережелерге сәйкес, азаматтық алды. 2022 жылы сәуірде жеңіл атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасына қабылданды.

Әлем чемпионатындағы жеңісі үшін Нора Жерутаға, Қазақстан Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыз­дағы №152 қаулысына сәйкес, 15 мың доллар немесе 7 млн 204 мың 350 теңге көлемінде ақшалай ынталандыру сыйлығы беріледі.

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button