Әлеумет

Жаралы жылдар жадымызда

Поляктардың Қазақстанға жер аударылғанына биыл – 80 жыл. Осыған байланысты кеше Астана қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының қалалық бөлімшесі, «Polasy» қоғамдық бірлестігі және Польша республикасының Қазақстандағы елшілігінің ұйымдастыруымен арнайы іс-шара өтті.

Шараға қатысқан ресми өкілдер сонау қиын-қыстау заманда бастан өткерген ауыр күндерін естеріне алып, жазықсыз қуғын көріп жер аударылып келген өзге ұлттарға қорған болған қазақ халқының бауырмалдығы туралы жылы лебіздерін білдірді. «Қазақ халқы тоталитарлық жүйенің кесірінен туған жерінен айырып, еріксіз жер аударылған ұлттарды еш ойланбастан бауырына басты. Барымен бөлісті. Өз тілімізде сөйлеуге, өз мәдениетімізді дамытуға мүмкіндік берді. Қазіргі таңда Қазақстанда 13 облыстық мекемеміз жұмыс жасап тұр. Бір ғана Павлодардың өзінде поляк тілінен сабақ беретін 22 сынып бар» дейді Қазақстан поляктары одағының Павлодар бөлімшесінің төрағасы Виталий Свиницкий.
Шара соңында «Polasy» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен кон­церт қойылып, тақырыптық көрме көрсетілді. Концертке елордалық басқа да этномәдени бірлестіктің шы­ғармашылық ұжым­дары қатысты.
Қазақстанға поляктарды жер аудару жұмыстары Кеңестер үкіметінің 1936 жылғы 28 сәуіріндегі ХКК құпия қаулысы негізінде жүргізілді. Осы қаулы негізінде елімізге Ор­талық Украинадан 15 мыңнан астам поляк және неміс ұлты қоныс­тан­дырылды. Бүгінде елімізде Қазақ­станда тұрып жатқан поляк ұлты­ның саны 50 мың­нан асады.

Бүркіт НҰРАСЫЛ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button