Денсаулық

Жарақат пункттері тәулік бойы жұмыс істеуде

Ауа райының нашарлауына байланысты елордадағы жарақат пункттері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ересек адамдар мына жарақат пункттерінде қабылданады:

* Р. Қошқарбаев даңғылы, 66 (№1 көпсалалы қалалық аурухана);

* Ә.Молдағұлова көшесі, 28 (№3 көпсалалы қалалық аурухана).

Балалар жарақат пункттері келесі мекенжайлар бойынша жұмыс істейді:

* Р.Қошқарбаев даңғылы, 64 (№2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасы);

* Желтоқсан көшесі, 34 (№2 қалалық емхана).

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын өте сақ болуға және қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

Жарақат алмау үшін дәрігерлер ыңғайлы, табаны жалпақ аяқ киім киюге, сондай-ақ әсіресе балалар мен зейнет жасындағы тұрғындарға үйден шықпауға кеңес береді.

Жарақат алған жағдайда дереу медициналық көмек көрсету пункттеріне хабарласу қажет.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button