Мәдениет

Жарасқан ақынның жыр сайысы

Астана қаласы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен Орталық балалар және жасөспірімдер кітапханасында көрнекті ақын, сыншы, аудармашы, Мағжан Жұмабаев атындағы сыйлықтың лауреаты ­Жарасқан Әбдіраштың туғанына 75 жыл толуына арналған «Мен келдім бүгін сендерге өлеңімді алып бұлқынған» атты қалалық мәнерлеп оқу сайысының жеңімпаздарын марапаттауы өтті.  

 Белгілі ақын, Мәдениет қайраткері Бақытжан Тобаяқов, әдебиет сыншысы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лау­реаты Амангелді Кеңшілікұлы, Астана әкімдігіне қарасты «Руханият» мекемесінің басшысы Сәуле Досжан, осы мекеме қызметкері Серік Рысбекұлы қатысқан шарада ақынның өмірі және шығармашылығынан сыр шертетін сурет және кітап көрмесі ұйымдастырылды. Жарасқан Әбдіраштың ұлы, белгілі кинорежиссер Рүстем Әбдраш бейнеқұттықтау жолдап, барлық қатысушыларға алғыс айтты. Қонақтар өз естеліктерімен бөлісті.

Бас жүлдені №37 мектеп-лицей оқушысы Гүлсезім Төлеген иеленді. Оқушыларға жас ерекшеліктеріне сәйкес жүлделі орындар берілді.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button