ЖаңалықтарИмантаразы

Жаратқанға жақындаудың ізгі амалы

«Бәйтерек» халықаралық баспасөз орта­лығында Құрбан айт мерекесіне арналған баспасөз мәслихаты өтіп, онда «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай Өтпенов пен «әл Ғани» мешітінің бас имамы Нұрлан Бақбасаров санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау мақсатында құрбандыққа шалынатын малды сату және сою, тарату шаралары Астана қаласы әкімдігі рұқсат еткен арнау-лы алаңдарда өткізілетіндігін мәлім етті.

«Құрбан айт – барша әлем­­нің мұсыл­мандарын бі­­рік­тіріп, Алла тағаланың риза­­шылығы үшін құр­бан­дық шалатын қасиет­ті мереке. Биыл бұл мере­­ке 15-17 қазан аралы­ғын­да өтіп, 3 күнге жалға­сады. Ал, айт намазы
Ас­та­на уа­­қы­­ты бойын­ша 8.10-да оқы­­­лады. Бұл ретте, әр­бір мұ­сыл­­ман та­ңертең тұ­рып, тазаланып, таза киім­де­­рін киіп, мешіт­ке барып, Құр­­бан айт намазын жама­­ғат­пен бірге Аллаға мінә­жат етіп, құл­шы­лықпен бастай­ды» деді «Нұр Астана» орта­лық мешітінің бас имамы Наурызбай Өтпенов.
Сондай-ақ, 16-18 қазанда ұлық мере­ке­нің құрметіне Астана мешіттері жә­не ҚМДБ «Зекет» қорының ұйым­дасты­руымен «Құр­бан шал!» сауапты акция­сы өткізілмек. Іс-шара барысында бірне­ше бас ірі қара мал құрбандыққа шалынып, олардың еті Астана қаласы мен Ақ­мола об­лы­­сындағы мұқтаж жан­дар­­­ға тара­тылады. Елордалық дінба­сы­­лар «Алтын таға» базарында ұйым­дас­тыры­ла­­тын бұл сауапты іске жағдайы жететін бар­ша мұсылман бауырларды шақырып отыр.
Е.БОЛАТҰЛЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button