Жаңалықтар

ЖӘРДЕМАҚЫ АЛУ ЖЕҢІЛДЕДІ

image26397640_39ec250942292948e52c8e53f1e29ccc

Бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы мен бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланыс­ты берілетін төлемдерді ресімдеу жеңілдеді. Енді бұл жәрдемақыларды электронды үкімет порталы арқылы бір ғана өтініш беріп, алуға болады.

«Азаматтарға арналған» мемлекеттік корпорациясының филиалы – ЗТМО дирек­торы­ның орынбасары Серікхан Сабыржановтың айтуынша, ата-ананың электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, «Connection point» қызметі арқылы үйде отырып-ақ өтініш беруге болады. Ол өтініш жәрдемақы тағайындау туралы шешім қабылдайтын Зейнетақы төлеу жөніндегі орталыққа автоматты түрде жіберіледі. Бұрын бұл қызметті алу үшін азаматтар аталмыш жәрдемақыларды тағайындауға қатысатын барлық мемлекеттік органдарға өзі баруы қажет болатын.

Айтпақшы, бір жасқа дейін­гі бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемдерді өз бетінше есептеуге де болады. Ай сайынғы төлем көлемі соңғы 24 айдағы орташа айлық кірісті 0,4 – кірісті алмастыру коэффициентіне көбейту арқылы анықталады. Мысалы, соңғы екі жылдағы орташа айлық табысыңыз 60 мың теңгені құраса, онда ай сайынғы төлем көлемі 24 мың теңгені құрайды. Ал жұмыссыз аналарға төленетін ай сайынғы әлеуметтік төлем мөлшері бірінші бала үшін 5,76 АЕК, екінші бала үшін 6,81 АЕК, үшінші бала үшін 7,85 АЕК және төртінші бала үшін 8,90 АЕК-ті құрайды. 2016 жылы біржолғы жәрдемақы көлемі бірінші, екінші және үшінші балалар үшін 31,41 АЕК және төртінші бала үшін 52,35 АЕК-ті құрайды.

Жыл басынан бері мем­лекеттік корпорация арқылы 116 мың анаға бала тууына берілетін жәрдемақы және бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем­ақы тағайындалған.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button