Әлеумет

Жәрдемақы көбейе ме?

Мәжілісте депутат Ерлан Смайлов бала күтімі мен көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдем­ақыны көбейтуді ұсынды.

[smartslider3 slider=1123]

Оның айтуынша, азық-түлік, коммуналдық қызмет тарифі ұдайы қымбаттап, өмір сүруге қажет дүниелер құны өсіп бара жатқан жағдайда мүгедектігі бар адамдар, бала тууына байланысты демалыста отырған аналар, көпбалалы отбасылар, зейнеткерлер үшін мемлекеттік жәрдемақы мен зейнетақы мөлшерінің артуы – аса маңызды мәселе.

– Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімі бойынша 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы қазіргі 42500 теңгеден 60 мың теңгеге немесе 41 пайызға өседі. Алайда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектігі бар адамдардың, бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты үйінде отырған аналардың, көпбалалы отбасылардың жәрдемақысын, сонымен қатар ең төменгі зейнетақыны ұлғайту мәселесін қарастырып жатқан жоқ, – дейді депутат.

Оның сөзінше, 2022-2024 жылдарға арналған бюджет жобасында министрлік әлеуметтік жәрдемақының барлық түрін 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 5 пайызға арттыруды жоспарлап отыр. Бірақ бұл көлем инфляция­ның статистикалық өсімі түгілі, азық-түлік пен киімнің, түрлі қызметтер мен тариф бағасының шығынын жаппайды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button