Сайлау - 2021

Жәрдемақыны 18 жасқа толғанша төлеу керек

«Ауыл» партиясының ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткерлер Дәурен Қуат пен Қанат Тасыбеков Жамбыл облысының зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, ел тұрғындарының ұсыныс-тілектері тыңдалды.

Партияның сайлауалды бағдарламасында ауылды кешенді дамыту мәселелерімен жастарды қолдау жан-жақты көрсетілген. Мәселен, партия бағдарламасында жас отбасыларға тұрғын үй алуға және тұрғын үй жағдайын жақсартуға, ал ауылға көшіп барғандарға үй алуға және үй шаруашылығын қалыптастыруға, ауылда бизнес ашуға пайызсыз несие беру бағдарламасын енгізуді көзделген. Кездесуде сөз сөйлеген Қанат Тасыбеков бұл бастама жүзеге асатын болса ел тірегі ауыл жастарының әлеуметтік мәселелерінің шешілуіне тікелей жол ашылады деп есептейтінін жеткізді. Дәурен Қуат «Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасында балалы отбасыларға арналған тиімсіз, қысқа мерзімді төлемдердің орнына кепілдендірілген «Бала нәсібі» жәрдемақысын енгізіп, оны 18 жасқа толғанша төлеу ұсынылып отырғанын айтты.
Сонымен қатар, кездесу барысында ауылшаруа­шылығы өнімдерін өндіру ісімен айналысып жатқан кәсіпорындар мен фермерлерді қолдау мақсатында қосымша құн салығынан босатып, несиелерді арзандатуды көздейтін субсидия түрлерін бесеуге дейін қысқарту бастамасы партияның бағдарламасына еніп отырғаны айтылды. Кездесу барысында зиялы қауым өкілдері партияның бастамалары ауыл тұрғындарының ғана емес, жалпы жұртшылықтың көңілінен шығады деп есептейтіндерін айтты. Партияға алдағы сайлауда сәттілік тіледі.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button