Жаңалықтар

Жәрмеңке бағаны төмендетті

Нұр-Сұлтан қаласында демалыс күндері өткен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде Қарағанды, Ақмола, Павлодар облысының тауар өндірушілері мен Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлері өз өнімдерін ұсынды.

[smartslider3 slider=918]

«Тауар өндірушілердің өтініші мен қала тұрғындарының қызығушылығын ескере отырып, елордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізуді жалғастырамыз. Осы демалыс күндері қаланың тауар өндірушілері, Қарағанды, Ақмола, Павлодар облыстары өз өнімдерін ұсынады. Мұндай жәрмеңкелер өнімді нарық бағасынан 10-15% төмен бағамен сатуға мүмкіндік береді. Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, санитарлық нормалар сақталды» деді қала әкімі Алтай Көлгінов. Қала басшысы бұған дейін ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінде 5 мың тоннаға жуық өнім сатуға шығарылғанын айтты. «Жәрмеңкеге еліміздің барлық өңірінен тауар өндірушілер қатысты. Сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру үшін «айналым тетігі» жобасын жалғастырамыз. Бірқатар ет, көкөніс, сүт өнімдерін өндірушілермен, ірі нан пісіру кәсіпорындарымен шарттар жасастық. Жеке инвестициялар есебінен қалада азық-түлік қауіпсіздігі үшін маңызды нысандардың құрылысы жүргізілуде. Олардың қатарында көтерме-тарату орталықтары, жылыжай кешендері, нан-тоқаш комбинаты бар. Инвестициялық кеңесте сондай-ақ өндірістік азық-түлік кешенінің (сүт өңдеу зауыты, көкөніс қоймасы, нан-тоқаш комбинаты) құрылысын бастау жобасы да қолдау тапты» деді А.Көлгінов.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button