Елорда тынысы

Жәрмеңке бағасы көңілге қонымды

Жергілікті және өңірлік тауар өндірушілердің апта сайынғы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі «Астана Арена» стадионының жанындағы көлік тұрағы орналасқан аумақта өтті.

[smartslider3 slider=3689]

Дәстүрлі шараға Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының тауар өндірушілері қатысып, елордалықтарға өз өнімін ұсынды. Кәсіпкерлердің айтуынша, олар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін нарық бағасынан 10-15 пайыз төмен бағамен сатады. Бұл қала тұрғындарына уақыт пен ақшаны үнемдеуге мүмкіндік береді.

Жәрмеңкеге зейнеткерлер көп келді. Олар автобус тосып, орталыққа сабылмайтынына, сондай-ақ азық-түлік тауарларының бағасына дән риза.

– Өзім осы маңда, елорданың «Жағалау» ауданында тұрамын. Жеміс-жидек пен көкөніс сатып алу үшін енді орталық базарға бармайтын болдым. Себебі мұнда азық-түліктің барлық түрі бар. Керегімнің бәрін осы жерден тауып, сатып алып жүрмін. Әрі мұнда баға да көңілге қонымды, үйдің қасындағы дүкендерге қарағанда әлдеқайда арзандау екен. Алысқа барып, базар аралап, аяқ талдырмайтыным жақсы болды. Халықтың ақшасымен қоса уақытын да үнемдеуге мүмкіндік туғызып, осындай жәрмеңке ұйымдастырған әкімдіктегілерге алғыс айтамын. Мұндай шаралар қаланың басқа аудандарында да өткізілуі керек, – деді елорда тұрғыны Жақсыкелді Әбдірахманов.

Иә, Есілдің сол жағалауындағы дүкендерде азық-түліктің бағасы қымбаттау. Сол себепті ауыл шаруа­шылығы жәрмеңкелерінің осы жақта өтуі, әрине, халыққа өте тиімді. Әсіресе түскі уақытта бұл жерге келушілер көп. Олар елорда маңындағы елді мекендерден жеткізілетін азық-түліктерді арзан бағамен сатып алуда. Мұнда ет, сүт, көкөніс пен жеміс-жидектің және нан өнімдерінің барлығы бар.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button