БілімЖаңалықтар

ЖӘРМЕҢКЕ – МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДЫҚ БАСЫ

IMG_7464

Елордада оқу жылы қарсаңында мектеп тауарлары мен оқу құралдарының жәрмеңкесін өткізу дәстүрге айналып келеді. Биыл да «Мектепке жол» акциясы аясында тұрғындарға ыңғайлы болу үшін аталған іс-шара тамыздың 16-сы мен 23-і, яғни, демалыс күндері әдеттегідей әкімдік алдындағы қалалық алаңда өткізілгелі отыр.

Жәрмеңкеден Астана тұрғындары мен қонақтары қажетті тауарларын қолжетімді бағаға сатып ала алады. Келушілердің назарына қаламнан бастап калькулятор мен түрлі қалыптағы дәптерге дейінгі алуан түрлі оқу-құралдары шығарылады. Сонымен қатар, Астана және Қазақстанның өзге де аймақтарының кәсіпкерлері мектеп жасындағы және мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған киімдер, аяқ киім, портфель мен сөмкелерді ұсынады. Мектеп жәрмеңкесі өтетін күндері келушілерге концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, қоғамдық тамақтану нүктелері ашылады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button