Басты ақпарат

Жәрмеңке жалғасады

Таяуда Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен қам көңілді бүлдіршіндерге қамқор болуды көздеп, Алматы,­ Қарағанды және Шымкент қалаларынан келген 40 кәсіпкер орталық алаңдағы мектеп жәрмеңкесіне қатысты.

Онда мектеп формасына 50­ пайыз, ал, аяқ киімдер, кеңсе заттары, рюкзактар,­ оқу­­лық­­тар мен басқа да мектеп­ жабдықтарына 10-25 пайыз жеңілдіктер жасалып, өрен­дер­ге­ қажетті өнімдердің барлығы қолжетімді бағамен сатылды.
Ұйымдастырушылар шара барысында Оқушылар сарайы мен балалар үйі оқушыларының қатысуымен шағын концерт өткізуді де ескерген. Сондай-ақ,­ тұ­ты­ну­шылар үшін төрт қоғамдық тамақтану орнын ашып қоюды жөн санапты.
Балалардың құқықтарын қор­­­ғау басқармасының бас­ ма­ма­ны Салтанат Басы­ға­рае­ва­ның айтуынша, акция аясында халыққа заң кеңестерін беретін қоғамдық қабылдаулар да жұмыс істеп жатыр. Мұндай мүмкіндікті кеш естігендерге өкінбесе де болады. Мектеп жәрмеңкесінің келесі кезегі тамыздың 30-ына келіп тұр­ған­дық­тан, енді содан кешікпеулері керек-ақ.

Еркежан СӘТІМБЕК

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button