Жаңалықтар

Жәрмеңке жұмыс ұсынады

ERA_7186

Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығы бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастырды.

«Сапаржай» автобекеті ғимаратында өткен бұл шараға «Астана Су арнасы» МҚК, «Алма ТВ» ЖШС, «Астана көгалдандыру құрылысы» АҚ, «СМЭУ Астана» ЖШС, Астана қаласының Ішкі істер департаменті және басқа да елорданың жиырмаға тарта кәсіпорны қатысты.
Жәрмеңке кезінде азаматтарға 200-ден астам жұмыс орны ұсы­нылды. Олардың арасында сатушы менеджер, жүргізуші, бағдар­ламашы және ІТ маманы, тігінші-оператор, құрылысшы және басқа да мамандықтар бойынша әртүрлі деңгейдегі қызметтер бар еді.
Әдеттегідей, бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қала тұрғындары көп жиналды. Олардың біразы «Жұмыспен қамту – 2020» жол картасына қатысу мәселелері жөнінде кеңес алса, 136 адам жұмыс берушімен бетпе-бет әңгімелесу мүмкіндігіне қол жеткізді. Ал, тағы 81 азамат жас­тар практикасына және әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орна­ласуға қатысты ақпарат алып, жүз­деген адам кәсіптік оқыту мәселесі бойынша өздерін қызықтырған са­уалдарға жауап тауып қайтты.

Нәзира САЙЛАУҚЫЗЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button