Жаңалықтар

ЖӘРМЕҢКЕДЕ 300 ЖҰМЫС ОРНЫ ҰСЫНЫЛДЫ

Бүгін елордамызда Астана қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі болып өтті. Жәрмеңкеге білім беру мекемелері мен денсаулық сақтау ұйымдары, құрылыс компаниялары, балабақшалар және тіл курсын үйрететін мекемелер, қонақ үй, өрт сөндіру қызметі сондай-ақ, ішкі істер органы секілді 30 түрлі жұмыс беруші қатысып, 300-ден астам бос жұмыс орнын ұсынды.

KBB_4501

Астана қаласының Жұмыспен қамту орталығы мамандарының айтуынша, бұл жыл басынан бері алтыншы рет ұйымдастырылып отырған шара. «Осы аралықта барлығы 175 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Мұндай бос орындар жәрмеңкесі елордамызда 2011 жылдан бері, яғни, Астана қаласының Жұмыспен қамту орталығы ашылған күннен бастап тұрақты түрде өткізіліп келеді. Осы аралықта 36 бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылып, барлығы  30 мыңнан астам адам жұмысқа орналасқан. Тағы 9,5 мыңнан астам адам кәсіби даярлық және қайта даярлықтан өтті» дейді Астана қаласының Жұмыспен қамту орталығының директоры Олжас Омар.

Жыл соңына дейін тағы осындай 6 бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтетін болады.

Бүркіт НҰРАСЫЛ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button