Жаңалықтар

ЖӘРМЕҢКЕДЕ 336 ТОННА ӨНІМ САТЫЛДЫ

Елордада жұма-жексенбі күндері Қ. Мұңайтпасов атындағы орталық стадион және «Думан» ойын-сауық орталығының тұрақтарында Астана қаласы мен Ақмола және Қарағанды облыстары тауар өндірушілерінің ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтті.

Әсіресе, бас қала тұрғын­дары ауыл шаруашылық жәрмеңкелеріне дән риза. Өйткені ондағы бағалар базардағыдан 10-15 пайыз төмендеу. Бүгінгі таңға дейін жәрмеңкеде 336 тонна өнім сатылған.
Игі шараға 150 жабдықтаушы мен өндіруші қатысты. Атап айтқанда, «Капитал Натур продукт» ЖШС, «Нәтиже» ЖШС, «Дәмді ет» ЖШС, «Қазгер-Құс» ЖШС, «Жас қанат» ЖШС және тағы басқа белгілі кәсіпорындар өз өнімдерін жұртшылыққа ұсынды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button