Елорда тынысы

Жәрмеңкеде бәрі бар

Мектепке дайындық қызу жүріп жатыр. Жаңа оқу жылына сақадай сай әзірлік – басты мақсат. Ата-аналар мектеп формасын тіктіріп, оқу құралдарын алу үшін арзандау деп мектеп базарлары мен тауарлар жәрмеңкесін жағалайды.

[smartslider3 slider=3757]

17-21 тамыз аралығында EXPO халықаралық көрме орталығында «Kids EXPO. Балалар әлемі» балаларға арналған тауарлар жәрмеңкесі ашылды. Жәрмеңке Мемлекет басшысы жариялаған Балалар жылы аясында өтіп отыр. Шараны ұйымдастырушы – Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.

Аталмыш жәрмеңкеде ата-аналар балаларға қажеттінің бәрін: кеңсе тауарлары мен мектеп формасын, ойыншықтар мен дамыту ойындарын, киім мен аяқ киім сатып ала алады. Барлығы бір жерде және қолжетімді бағамен сатылады. Сондай-ақ мұнда арнайы ата-аналар мен балалар үшін қызықты шеберлік сыныптары, аниматорлармен ойындар, спорт ойындары және ауқымды мәдени бағдарламалар өтеді.

Бес күн бойы мұнда кітап, кеңсе тауар­лары, тоқыма, білім беру, ­ойын-сауық және т. б. салалардың 100-ге жуық қатысушысы өз тауарын ұсынады.

Жәрмеңке барысында келушілер үшін арнайы ақпараттық-мәдени және спорт бағдарламалары ұйымдас­тырылады. Оған қазақстандық және халықаралық сарапшылар қатысады. Сонымен қатар педагогикалық психологтарға арналған панельдік сессиялар, кітаптардың, оқыту әдіс­темелерінің, мектептердің тұсаукесері, сонымен қатар тренингтер мен шеберлік сыныптары, байқаулар, балалар және мектеп киімдерінің көрсетілімі болады.

Балалар киімдері мен мектеп тауарларымен қамтамасыз ететін қызмет көрсету саласын қолдау және дамыту мақсатында жыл сайын осындай жәрмеңке өткізу жоспарланып отырғанын айта кеткен жөн.

Гүлшат САПАРҚЫЗЫ

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button