ЖаңалықтарҚала тіршілігі

Жәрмеңкеде солтүстіктің сыйы

Нұр-Сұлтанда еліміздің барлық өңірлерінен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің жәрмеңкесі жалғасуда. Осы демалыс күндері өз өнімін ұсыну кезегі Солтүстік Қазақстан облысына жетті.

[smartslider3 slider=628]

Елордаға Солтүстік Қазақстан облысының барлық 13 өңірінен және Петропавл қаласынан мың тоннадан астам өнім әкелінді.
«Жәрмеңкені Солтүстік Қазақстан облысы өткізуде. Оған үздік ауыл шаруашылығы та­уарын өндіруші, 110-нан астам кәсіпорын қатысып, 100-ден астам тауар түрін ұсынды. Біз Нұр-Сұлтанға мың тоннадан астам өнім әкелдік. Бағасы нарықтық бағадан 15-20 пайыз­ға төмен» деді Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Мейрам Жақсылықұлы.
Бағалар шынымен қолжетімді. Сиыр еті – 2000 теңгеге, жылқы еті – 2200 теңгеге, қой еті – 1800 теңгеге, ал құс еті 850 теңгеге сатылады. Сондай-ақ шұжық өнімдері, бакалея, сүт және көкөніс өнімдері кең ассортиментте ұсынылған.
Жаңбыр мен желге қарамастан, ондаған елордалықтар  таңертеңнен бастап Солтүстік Қазақстан облысының шаруаларының өнімдерін алып жатты.
«Біз картопты 120 теңгеге сатып алдық, жұмыртқа мен ет таңдап алдық. Жәрмеңке қазан айының соңына дейін жалғасатынын білдік және мұнда сауда жасауға асықтық» деп бөлісті елорда тұрғыны Светлана.
Мұнда барлық санитарлық талаптар сақталды. Келушілерге ыңғайлы болу үшін аумақта қозғалыс бағыты көрсетілген, әлеуметтік қашықтықты сақтау­ға арналған белгілер бар, турникеттерде қол гигиенасына арналған санитайзерлер орнатылған. Сондай-ақ келушілерге карантиндік шараларды, соның ішінде бетперде режимін сақтауды еске салатын баннерлер бар.

[smartslider3 slider=631]

Елордада биыл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында көкөністер мен жемістердің пісу мерзімін ескере отырып, 14 жәрмеңке өткізу жоспарланған. Ауыл шаруа­шылығы өңірлік жәрмеңкелерінің маусымы Нұр-Сұлтанда 31 қазанға дейін жалғасады. 21 тамыздан бастап елордадағы жәрмеңкелерде Түркістан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Атырау, Жамбыл, Ақтөбе және Қарағанды, Павлодар, Маңғыстау және Қостанай облыстарының ауылшаруашылық тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button