ӘлеуметЖаңалықтар

Жәрмеңкеден жұмыс табады

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығында офлайн форматта бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті.

[smartslider3 slider=545]

Мұнда «Нұрлы жол» теміржол вокзалының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін сервистік компаниялар азаматтарға бос жұмыс орындарын ұсынды. Олар: «Қазақстан теміржолы «Ұлттық Компаниясы» АҚ филиалы – «Астана теміржол вокзал кешені», «Күзет» мамандандырылған күзет бөлімшесі « АҚ филиалы, «Марат» өндірістік кооперативі және «СК Керемет» ЖШС. Екі қолға бір күрек іздегендерге өрт сөндіруші, жүргізуші, еден жуу машинасының операторы, аула сыпырушы, күзетші сынды қызметтер бар.
«Күзет мамандандырылған күзет бөлімшесі» АҚ филиалының кадр бойынша бас маманы Динара Тұмарбекованың айтуынша, компанияға келген қызметкерлер міндетін жауап­кершілікпен атқарған жағдайда жалақыларын жоғарылату қарастырылған.
«Біз тексеру пунктінде тұратын күзетші қарастырып жатырмыз. Бір күн істеп, үш күн демалады. Алғашында айлығы 90 мың шамасында болады. Үш айдан кейін үлгілі қызметкерлерді ауысымға жауапты етіп тағайындаймыз. Олардың айлығы 100 мың шамасында» деді ол.
Екі сағатқа созылған жәрмеңкеге 50-ден астам адам жұмыс іздеп келді. Арасында өзіне ұнаған қызметін тапқандар да бар.
«Жәрмеңке болып жатқанын instagram желісінен көрдім. Күзетші қызметін іздеп келген едім. Күзет» деген фирма жұмыс ұсынып отыр. Жалақысы, барлығы ұнап отыр. Үйіме де жақын екен. Бүгін әңгімелесуге шақырды» дейді жұмыс іздеуші Асылбек Шатанов.
Елордада жұмыс іздеп жүрген азаматтар Бейбітшілік көшесі, 25 үйде орналасқан Жұмыспен қамту орталығына баруына болады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button