ЖаңалықтарҚала мен Сала

Жәрмеңкелер жалғасады

Қаламызда ауыл шаруашылығы жәрмеңкелер маусымы жалғасады. 6-7 және 13-14 қарашада «Хан Шатыр» СОО жанындағы алаңда бірнеше өңірдің және Нұр-Сұлтан қаласының тауар өндірушілері өнімдерін ұсынады.

Бұл жолы Қарағанды, Ақмола, Павлодар облыстары тауар өндірушілерінің және Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлерінің қатысуымен өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде 200-ден астам тауар өндірушілер өнімдерін ұсынады. Қала тұрғындары мен қонақтары тауарларды нарықтағыдан 10-15 пайызға төмен бағамен сатып ала алады. Сөрелерден өнімдердің көптеген түрлері ұсынылады, соның ішінде: сиыр, жылқы, қой, құс еті, сүт және қышқыл сүт өнімдері, көкөністер, жемістер, тауық жұмыртқасы, балық, жарма, ұн және тағы басқаларын табуға болады.

21 тамызда басталған бас қаладағы 14 жәрмеңкеге Қазақстанның барлық өңірлерінен 860-тан астам тауар өндірушілер қатысты. Олар барлығы 4,8 мың тоннадан астам азық-түлік сатты.

«Биыл қала басшылығының шешімімен әр жәрмеңкеге тауар өндірушілер мен Нұр-Сұлтан базарларының көтерме сатушылары қатысады. Әр жәрмеңкеге елорданың 100-120 өндірушісі атсалысуда» деді Нұр-Сұлтан қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы сауда және қызмет көрсету саласын дамыту бөлімінің басшысы Руслан Ыдырысов. Оның айтуынша, ауа райының қолайсыздығы жәрмеңкеге қатысуға әсер етпейді, қала тұрғындары азық-түлікті артығымен сатып алуда. Бұл жәрмеңкелерге елорда халқының үштен бірі қатысады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button