Мәслихат

Жарқын істердің жалғасы

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа кезекті Жолдауымен бірқатар маңызды стратегиялық бағыттар мен бағдарларды айқындады. Жолдау қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларына қатысты өзекті мәселелерді қамтыды. Бұл еліміз үшін берекелі бастамалардың жалғасы болмақ.

Астана қаласы мәслихатының бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселесі жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы ретінде Жолдауда айтылған ақша-несие мен фискалды саясаттың арасындағы үйлесімсіздікті жою, салық саясатының тиімділігін арттыру, банктер туралы жаңа заңның қажеттілігі, инвестициялық ахуалды және бизнесті жүргізуге қажетті жағдайды жақсарту, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы іске асырылатын жобаларды сапалы әзірлеу туралы тапсырмалар уақытылы берілді. Негізгі мақсат – азаматтардың жағдайын жақсарту.

Осы ретте Астана мәслихатының бейімді комиссиясының төрағасы ретінде елорда бюджетін қарастыру мен бекітуді, оны бөлуді бұрынғыдан да терең және принципті түрде қараймыз. Президенттің көрпеге қарай көсілу қағидатына сәйкес бюджет қаражатын тиімді жұмсауды қадағалауды бастамашыл түрде жалғас­тырамыз.

Бюджет кодексін талқылау бойынша Мәжілістің жұмыс тобының мүшесі ретінде Жолдау тапсырмаларын ескеріп, қосымша ұсыныстар беру жағы да тасада қалмайды. Жыл соңына дейін Бюджет кодексі қабылданады деген үміт басым.

Президенттің тапсыр­масына сәйкес жаңа Салық кодексі бойынша жан-жақты талқылауларға белсене қатысып, кәсіпкерлерді құқығын барынша қорғауға атсалысамыз. Шағын және орта бизнестен түсетін салықтарды қала бюджетінің жүйелі мәселеріне жұмсау жағын ерекше қадағалаймыз. Жалпы, Астана қаласы мәслихатының аталған тұрақты комиссиясының мүшелері Жолдаудағы тапсырмалар мен ұсыныстарды жергілікті билікпен бірлесіп орындау арқылы сайлаушылардың өмірінің сапасын жоғарылатуды жалғастырады.

Кендебай АДАМБЕК,

Астана қаласы мәслихатының депутаты

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button