Президент пәрмені

Жарқын өмірдің жаршысы

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бас ғимараты атриумында «Жас Отан» Жастар қанаты Студенттер Альянсы, Жастар конгресі, Ауыл жастары Одағы, Жұмысшы жастар Одағы, «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы және университет студенттерімен кездесу өткізіп, үндеу жариялады.

Жиынға бас қосқан жастарды ұйым­дас­тырушылар шағын концерттік бағдар­ламамен қарсы алды. КТК өнерпаздары қойылым көрсетіп, «Самұрық» би тобы жұртшылық қошеметіне бөленді.

Кездесудің ресми бөлімінде «Жас Отан» Жастар қанатының үндеуі жария­ланды. Үндеуде жастарға берілген зор мүм­кіндіктер мен «Қазақстан – 2030» бағ­дар­ламасының жетістіктері айтылып өтті.

Соңғы жылдары елімізде жеті жарым мыңға жуық мектеп пайданалуға берілген. Республика бойынша 140 ЖОО мен 896 ТжКБ ұйымдары жұмыс жасайды екен.

Жыл сайын 34 мыңнан астам білім гранттары бөлінеді.

«Болашақ» бағдарламасы арқылы 8000 астам жастар шет елдерде білім алып келген. Сонымен қатар, 20 мыңнан астам жас «Дипломмен – ауылға!» жобасы аясында ауылдық елді-мекендерде жұмыс істеуде. Соңғы үш жылда елу мыңнан астам түлек тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Аталмыш жетістіктерді тізе келе, «Жас Отан» Жастар қанатының көш­басшысы Нұрлан Сыдықов «Біз ен­дігі кезекте еңбек қоғамын құруға ба­ғыт алдық. Жастардың еңбексүйгіш тобы – Жалпыға ортақ Еңбек қоғамының негізі. Сондықтан біз, жастар, өзімізге қатысты бағдарламаны орындауда негізгі орындау­шы және бақылаушы болуымыз қажет» деді.

Жиын соңында қа­зақстандықтардың Елбасының стратегия­лық бағ­дар­лама­ларын қолдап, алға қойған жос­пар­­лар­ды орындауға дайын екендігі айтыл­ды және жастарды ауқымды мін­дет­тер­ді бір­ге атқаруға шақырған үндеу жария­ланды.

Ербол ЖАНАТ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button