Жаңалықтар

ЖАРҚЫН ЖОЛҒА ЖЕТЕЛЕЙДІ

Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мем­ле­кеттік инспекция комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық инспекция ұжымы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауын талқылады.

Аталған мекеменің бас маманы Қали Қамбарбек өз баяндамасында әріп­тес­терінің назарын Елбасының агро­өнер­кә­сіптік кешенді дамыту туралы айтқандарына аударды. Әсіресе, озық технологияларды енгізу, өнімділікті арттыру, сала жұмысын әлемдік стан­дарт­тарға негіздеу тармақтарына мән берілді. Сондай-ақ, ол Ауыл шаруа­шы­лық жерлеріне инвестиция тарту маңыз­ды­лығына тоқталды.

Сонымен бірге талқылау барысында ет және сүт экспорты туралы айтылды. «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжы­рым­дамаға сәйкес егіс алқаптарының 15 пайызын суды үнемдеу технологиясына көшіру жайы қозғалды. Мемлекет басшысының қойған мақсаты – аграрлық ғылымды дамыту, сол арқылы сынақтық аграрлық-инновациялық кластерлерді құру қажеттілігі атап өтілді.

Елбасының мемлекеттік тіл туралы айт­қанына ризашылық білдіріліп, «Мәңгілік Ел» идеясы кеңінен қолдау тапты.

Мемлекет басшысының Жолдауы­ ел­дің өркендеуіне ықпал ететіндігі, би­лік пен халықты бір мақсат-мүддеге жұмыл­ды­ра­тыны, отандастарымыздың әл-ауқатын жақсартуға, әлеуетін көтеруге бағытталғаны, жалпы қоғам мен мемлекет дамуында зор рөл атқаратыны айтылды.

Аманғали ШМИТҰЛЫ

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button