Мәслихат

Жарқын ЖҰМАҒҰЛОВ, «Астана көгалдандыру құрылысы» АҚ бас директоры: Бағбандардың еңбегі бағаланса…

Астананың сәулеті туралы айтқанда, көгалдандыру туралы айтпау мүмкін емес. Себебі, ол –  қала жолдарын қалпына келтіру мен аталған саланың тұтас дамуының манызды мәселесі болып табылады. Жаңа көшелер мен жолдарды салу кезінде көгалдандыру мәселесі жоспарға енбей қалып жатады. Сондықтан,  жасыл желекке орын аз қалдырылады. Жолдың шетіндегі азғандай жер инженерлік желілерден аспайтындықтан, көбінесе ол жерге бірер тал мен газон төсеуден аспай жатамыз. Міне, бар проблема осыдан басталады...

2007 жылы қалалық әкім­дік ин­женерлік желілері бар «қорғалатын аймақ» көгал­дан­дыр­уға жататыны туралы шешім шығарды. Десе де, бұл шешімді орындауға қолбайлау болып тұрған проблема бар. Себебі, көптеген мамандандырылған қыз­мет­­­тер аталған шешімді құлаққа іл­­мей, жол жиегін жасыл же­лек­­ке ай­­на­л­­дыруға кедергі кел­ті­реді, тіп­­­­ті, тыйым салады да. «Ас­­тана-кө­­гал­­дан­­­ды­ру құры­лысы» АҚ бі­раз уа­қыт­тан бері ав­то­­жолдарды кө­г­а­л­­дан­­дыру жо­­ба­сын жасаған кез­­­де, қа­ла­­ның ма­ман­­­дан­ды­рыл­ған ме­ке­­ме­­­ле­­рі­­мен оты­р­­ғы­зы­ла­тын өсім­дік­­тердің түрі мен стандарты, ау­­мақ­­тың ландшафтына сай келе­тін көшенің жалпы дизайны келісі­лу қажеттігін көтеріп келеді. Сондай-ақ, сол жерде өсіп тұрған өсім­­дік­­тер­­ді сақтап қалудың амалдары жасалу керек. Мысалы, дәл қа­­зір біз­­дің ме­ке­ме қайта жөн­­­деу­­ден өткен төрт көшеде, атап айтсақ; Молдағұлова, Сейфул­лин, Бейбітшілік және Же­ңіс даңғылында көгалдандыру жұ­­мыс­­тарын жүргізіп жатыр. Ре­кон­­­­ст­ру­к­ция жобасы бойынша жүргі­­зі­ліп жатқан көгалдандыру қажетті талаптарға сай келмейді. Со­­ның нәтижесінде бастапқы жо­­­ба­ға өз­­геріс енгізіп, қажетті мате­риал­­дар­дың сұрпы мен көлемін өзгерту­ге тура келді. Бұл өз кезегінде ата­­л­­­­­ған жұмысқа қажетті қаржы кө­­­­ле­­­­мі­­нің ұлғаюына әкеліп соқты. Әу бас­­­­та бө­лін­ген ақшадан бөлек, қо­сымша 21 633 мың  теңге қажет болып отыр. Осыған орай аталған мәселені шешу үшін жергілікті бюджеттен жоғарыда келтірген соманы бөлу керек.

Бұдан бөлек, автожолдарды са­­лу ке­­зінде жасыл желекті сақ­­­­тау­­­­ды ұмыт­­паған жөн. Бағ­бан­­дар­дың жұмысымен санасып, ба­­ға­­лаған жөн. Тәжірибе көр­­­сетіп отыр­ғандай, көшені қала­ның ком­му­нал­дық меншігіне тап­­сыр­­ғанға де­­йін мамандардың кү­­тімі бол­ма­ған­дықтан оның бойын­­дағы ағаш-бұталар құлап, көк майса шөптер өсіп кетіп жатады. Түп­теп келгенде, оларды «ем­деп», қалпына келтіру үшін де қосымша шығындалуға тура ке­леді. Мысалы, Жәнібек-Керей кө­­ше­­сі­н­дегі жасыл желекті қайта жөндеуден өткізу керек. Жаңа жоба бо­­йын­ша аталған көшенің бойына  1993 түп ағаш отырғызу көзделіп отыр. Бұл мақсатқа 67 742 мың тең­­ге қажет. Өсімдіктерді суаратын стационарлық су құбыры­ның қарастырылмағандығы да бағбан­дарға қолбайлау болып тұрған проблеманың бірі. Түптеп келгенде, бұл тағы да жасыл желектің күтіміне жұмсалатын қаржының көбеюіне, сәйкесінше, жергілікті бюджетке сал­­мақ салары анық. Мұны айтып отыр­­ғаным, алдағы уақытта қала­да жаңа жол салған немесе ескі жол­дар­ға жөндеу жүргізген кезде жекелеген мемлекеттік мекемелер осы мәсе­­ле­лерді қаперде ұстағаны жөн.

Жолға қатысты басқа да өзекті мә­­се­ле­лерге тоқталып өтсем: ок­руг бойын­­ша Тәуелсіздік пен Ақыр­­тас көшелерінің қиылысына бір бағ­дар­шам керек-ақ. Сондай-ақ, сай­лау­­шылар 39-көше мен Мирзоян көшесінің арасындағы жолдың шұңқыр-тесігінен шаршадық деп налып отыр. Жаз мезгілінде шаңнан көрінбейтін жолтабаны, күз, қыс айларында жаңбырда езіліп, аязда көктайғақ мұз болып жатады. Жалпы, бұл мәселелердің барлығын жіпке тізгендей етіп қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына депутаттық сауал жолдап едім. Оған көп кешікпей жауап та алдым. Онда Тәуелсіздік көшесінің жолдарын жөндеу кезінде менің айтқандарым ескеріледі делінген. Алайда, ол хатта аталған жұмыс­тың қашан орындалатыны, яғни, мерзімі көрсетілмеген. Сондай-ақ басқарманың назарын мына мәсе­ле­ге аударғым келеді: Оңтүсік-шығыс шағын ауданындағы Жұмабаев көшесінде қоғам­дық көлік тоқтайтын бірде-бір аял­­дама жоқ. Айта берсек, күрмеулі мәселелер көп. Әрине, мәселенің бар­­лы­­ғын бір күнде шешіп тас­тау мүмкін емес. Десе де, қала тұрғын­дары жиі шағым айтатын мәселе бол­ған соң, тезірек шешуге ықпал ету керек.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button