ЖаңалықтарҚала мен Сала

ЖАРЫҚ БЕРУШІЛЕРГЕ – ЖАҢА ҒИМАРАТ

Астана-Аймақтық электржелілік компаниясы

Астана күні мерекесі қарсаңында елордада «Астана-Аймақтық электржелілік компаниясы» акционерлік қоғамының жаңа ғимараты салтанатты жағдайда ашылды.

Жаңа әкімшілік-тұрмыстық кешеннің тұсаукесеріне қатысқан Астана қаласы әкімінің орынбасары Василий Крылов «Астана-АЭК» АҚ-ның қала дамуындағы елеулі үлесі барын айта келе, елорда энергетиктерін тамаша ғимараттарымен және шараға қатысушыларды қала күні мерекесімен шын жүректен құттықтап, игі тілегін жеткізді. Одан соң аталмыш мекеменің басшысы Александр Смородин салтанатты рәсімге жиналғандарды қазіргі заман талабына сай ғимараттағы жедел-диспечерлік қызмет жұмысымен таныстырды.

Жалпы алаңы 11 775 шаршы метрді, ал ауданы 1,8 га жерді алып жатқан ғимараттың өзіндік сәулет ерекшелігі де жоқ емес. Ол негізгі үш блоктан тұрады. Мұнда 600 адамға арналған төрт және екі қабаттық кеңселік орынжайлармен бірге 120 орындық конференц-зал, 200 адамға есептелген асхана, ойын және фитнес залдары бар сауықтыру блоктары, арнаулы техникаға арналған 60 орындық гараж, 80 жеңіл автокөлікке арналған тұрақ, көлік шеберханасы, көлік жуу, қойма және т.б. бар.

Сондай-ақ, жаңа ғимараттың бірінші қабатында қызмет көрсетуді жеңілдету мақсатында қала желілеріне қосылу және электр энергиясын есепке алу мәселелері бойынша тұтынушыларды қабылдау үшін барлық жағдай қарастырылған. Онда электрондық кезек те ұйымдастырылып, «бір терезе» қағидасы енгізілген.

Шара барысында жиналғандар «Астана-АЭК: энергияны басқарушы» атты фильмді тамашалуға мүмкіндік алды. Сонымен бірге «ЭКСПО-2017» тақырыбында ақпараттық семинар өткізілді.

Астана-Аймақтық электржелілік компаниясы1

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button