Шаһар шаруашылығы

Жарықтандыру жайы қалай?

Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық орындар мен шет аумақтарда орналасқан елді мекендерді жарықтандыру жұмысына ерекше мән беріледі.

[smartslider3 slider=1115]

Сарыарқа ауданының аппараты жыл басынан бері 72 көшеде, сыртқы жарықтандыру желілері бар тұйық көшеде, сондай-ақ 4 саябақта жарықтандыру жұмысын жүргізді. Қазір бұл орындар қала тұрғындары үшін жұмыс істеп тұр.

Сонымен қатар Көктал-1, Көктал-2 және Агроқалашық елді мекендері тұрғындарының өтініші негізінде көшені жарықтандыру құралдарын (тіректер мен шырақтар) орната отырып, қосымша желілер жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді. Нәтижесінде биыл 30 көше мен тұйық көше жарықтандырылды. Агроқалашық елді мекенінде 21 көше жарықтандырылды. Оның барысында 80-ге жуық тірек пен 100-ден астам шам орнатылды. Енді Диваев, Кұрақты көшелерін жарықтандыру жоспарланып отыр. Көктал елді мекенінде 9 көше мен 9 тұйық көше жарықтандырылды. Оның барысында 50-ге жуық тірек пен 70-тен аса шам орнатылды.

Сарыарқа ауданында соңғы екі жылға жуық уақытта 130-дан аса көшеге жарықтандыру жүргізілді. Олардың арасында қоғамдық кеңістіктер, жұрт серуендейтін орындар, сол сияқты қаланың шет аумақтары да бар. Алматы ауданында да осы бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде атқарылады. Мысалы, Теміржолшылар елді мекенінде жыл басынан бері 21 тірек, жүзден аса шам орнатылды. Сол сияқты «Интернациональный», «Промышленный», «Мичурин», «Күйгенжар» елді мекендерінде осы бағыттағы жұмыстар істелді. Ал «Интернациональный» елді мекеніндегі Сүткент, Майлыкент, Жылыбұлақ, Речной көшелері назарда тұр. Есіл ауданында 27 мыңға жуық жарық нүктесі бар. Оның ішінде көше шамдары – 15 434 дана, саябақ шамдары – 10 970 дана, кварталішілік шамдар – 573 дана.

Биылдан бастап аудан көше, саябақ және орамішілік жарықтандыруды ағымдағы ұстау бойынша 3 учаскеге бөлінген. Есіл ауданында биыл 18 көшеде электр қуатын қосып, заманауи шамдар орнатылады. Бұл бағыттағы жұмыстар 2022 жылы жалғасатын болады. Ал Байқоңыр ауданында жыл басынан бері 30 көшеде 1000-нан астам шам ауыстырылды. Сол сияқ­ты жарығы жоқ көшелерде 11 мекенжай бойынша жарықдиодты шамдармен жарықтандыру тіректерін орнату жұмыстары жүріп жатыр. «Ататүрік», «Ұстаздар», «Театр» алаңы, «Құтқарушылар» алаңы, ­Тәшенев атындағы саябақтары толық жарықтандырылған.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button