Жаңалықтар

ЖАРЫС ЖЕҢІМПАЗДАРЫ – ҚЫЗДАР

Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Астана қаласы Есіл ауданы әкімінің аппараты №17 мектеп-гимназияда аудан аума­ғында орна­ласқан мекеме­лердің қызмет­кер­лері арасында волейболдан жарыс ұйым­дастырды.

Жарысқа денсаулық сақтау, білім беру, спорт, мәдениет салаларының қызмет­керлерінен құралған 16 команда қатысып, №17 мектеп-гимназиясының ұжымы ойынның жеңімпазы атанды. Екінші орынды республикалық балаларды оңалту орта­лығының ұжымы жеңіп алса,
Назарбаев зияткерлік мектебінің ұстаз­дары үшінші орынды иеленді.

Жеңімпаздар дипломдармен, арнайы кубокпен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Гүлбаршын Өкешқызы

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button