Мәдениет

Жас ақындар жырлады

Кеше  Жамбыл Жабаев ескерткіші алдындағы алаңда Астана қаласы Тілдерді дамыту басқар­масы және «Руханият» орталығының ұйым­дастыруымен «Тіл толғау» атты поэзия кеші өтті.

Астананың 15 жылдық мерекесіне орай өткізілген шарада жас ақындар елор­даға арнаған өлеңдерін оқыса, танымал өнерпаздар ән шырқап, күй күмбірлетті. Астана туралы жүрекжарды жырларын оқыған Жандарбек Бұлғақов, Еркебұлан Қайназаров, Бекмұрат Өмірбек, Сырым Әуезхан және басқа да жас ақындарға көрермен қауым зор қошемет білдірді.

Ұйымдастырушылар поэзия кешіне қатысып Астана мәртебесін асқақтатқан ақындардың шығармашылық шабыттары айтарлықтай бағаланды. Үздік деп танылған өлеңдер авторларына ақшалай сыйлықтар мен тағылымды кітаптар тарту етілді. Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ербол Тілешов мерекелік шараға қатысушылар мен көрермен қауымға алғысын айтты.

Астана кешін жауқазын жыр мен әсем әнге бөлеген шырайлы шарадан жұртшылық көңілді күймен тарқасты.

Ғалым Қожабеков

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button