Sport

ЖАС БОКСШЫЛАР ЖАРЫСЫ

Елорда төрінде бокстан жасөспірімдер арасында республикалық жарыс өтті.

ERM_5996

Астана қаласының №3 Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі ұйымдастырған дәс­түрлі турнирге Ақмола, Ақ­төбе, Атырау, Жамбыл, Оң­түстік Қазақстан, Шы­ғыс Қа­зақстан облыс­тары­ның және Астана қаласы­ның командалары қатысты. Төрт күнге жалғас­қан жарыста 120 бокс­шы шаршы алаңға шықты.
– Бұл жарыс биыл екінші рет өтіп отыр. Астанадағы №3 спорт мектебінің директоры Мұрат Мұстафиннің бастамасымен өткізіліп келе жат­қан турнирге қатысушылар қатары жыл сайын көбейіп келеді. Ха­лықаралық сайыстарда ел намысын қорғайтын спортшылар осындай жарыс­тарда шыңдалады, – дейді турнирдің бас төрешісі, АИБА-ның халықаралық дәрежедегі төрешісі, Ауған­стан соғысының ардагері Ерболат Әшімов.
Жарыс қорытындысы бо­йынша командалық бірінші орынға Астана қаласының жас боксшылары ие болды. Ақтөбе және Оңтүстік Қа­зақ­­стан облыстарының спортшылары екінші және үшінші орын­нан көрінді. Тө­решілер ұйға­ры­мымен астаналық бапкер Иса Кен­жеғұловтың шә­кір­ті Сәбит Қайнар «Үздік бокс­шы» атанса, Қазақстанның еңбек сіңірген жатық­тырушысы Мәу­лет Мұс­та­фин­нің шәкірті Сырым Тимкен «Үздік техникалық ше­бер­лігі үшін» сыйлығына ие болды. «Жеңіске деген жігері үшін» сый­лығы ақ­тө­белік Диас Қарабаевқа берілді. Сондай-ақ, осы жа­рыс­қа Астана қаласының «Ауғанстан соғысы мү­ге­дектері мен арда­гер­лері одағы» қоғамдық бірлестігі де арнайы сый­лықтар та­ғайындапты. Бірлестік төр­ағасы жа­рысқа қатысқан бар­лық командалардың өкілдеріне естелік сый­лық­тар табыс етті.
Осы жарыстың не­гізгі ұйым­дастырушысы Астана қаласының №3 Олимпиадалық резервтегі маман­дандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Мұрат Мұстафин турнирге қатысушы коман­далардың жетекшілеріне және жүл­­дегер атанған спортшыларға алғы­сын білдірді.

Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button