Мәдениет

ЖАС ДАРЫНДАРҒА ЖОЛ АШПАҚ

fiestalonia international_23-24 giugno 014_rimini-360

6-10 қараша аралығында Оқушылар сарайында Астана қаласы әкімдігі мен Испанияның Қазақстан Республикасындағы елшілігінің ұйымдастыруымен «FIESTALONIA-ҚАЗАҚСТАН» халықаралық байқауы өтеді.

Биыл байқауды еуропалық фестиваль комитеті алғаш рет Еуроодақтан тыс жерде, яғни, біздің елімізде өткізіп отыр. Байқаудың қазылар алқасы – халықарлық аккредитациядан өткен әлемге әйгілі музыканттар, бишілер мен вокалистер.

Балалар мен жастар арасында жаңа дарындарды анықтап, оларды халықаралық деңгейге шығаруды және шығармашылық ұжымдар арасындағы тәжірибе алмасуды мақсат тұтатын іс-шараға халықаралық деңгейдегі хореографиялық ұжымдар, ансамбльдер, шоу-балеттер, би және сән театрлары, аспапты музыка орындаушылары, оркестрлер, хор ұжымдары, балалар хоры, фольклорлық әншілер, поп, джаз, госпель-спириучуэл орындаушылары, во­калдық орындаушылар қатыспақ.

Байқау кезінде қазылар алқасы мүшелері мен әлемдік деңгейдегі танымал  музыканттар ұстаздар мен оқушылар үшін шеберлік сабақтарын өткізеді. Сайыс қорытындылары бойынша әрбір қатысушыға жеке нөмірі бар  еуропалық үлгідегі дип­лом табыс етіледі. Үздік ұжымдар мен жекелеген орындаушылар Испания, Италия, Франция елдерінің атақты сахналарында өнер көрсетуге жолдама алады.

Жұма ҒАЗИЕВ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button