Ел тынысы

Жас ғалымдар Саммиті өтеді

2024 жылы 12 сәуірде Қазақстан Республикасының Ғылым күні шеңберінде, Аstana IT University-де Жас ғалымдар Саммиті өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Саммит екі бөлімге жоспарланған. Басталуы 12 сәуір күні Астана қаласында, жалғасы 25-26 сәуір күндері Түркістан қаласында өтеді.

Саммиттің бірінші бөлімі – «Жас ғалымдардың тәжірибесі: мүмкіндіктері мен перспективалары» панельдік сессиясы болып, жас ғалымдар кеңесі аясында олардың жұмыс тәжірибесін ұсынуға бағытталған. Спикерлер түрлі ғылыми салалардағы жетістіктерімен, тәжірибелерімен және ғылыми жобаларымен бөліседі. Талқылау Қазақтанның ғылыми қоғамдастығындағы жас ғалымдардың мүмкіндіктері мен болашағын анықтауға, сондай-ақ, ғалымдардың ғылыми қызметін дамыту жолдарын іздеуге арналады.

Түркістандағы саммиттің екінші бөлімінде Халықаралық ғылыми-техникалық орталығымен серіктестікте семинар, жас ғалымдардың нетворкингі арқылы жобаларының тұсаукесері және Жапония сарапшыларымен кездесулер өткізу жоспарланған. Тақырыптарға пәнаралық және халықаралық ынтымақтастық, жасанды интеллект және ғарыш, климаттың өзгеруі, денсаулық сақтау мен медицина және ғылым-өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық кіреді.

Шараға жас ғалымдар, аспиранттар, докторанттар, ғылыми орталықтар мен жоғары оқу орындарының қызметкерлері, мемлекеттік сектордың, бизнес пен компаниялардың өкілдері қатысады.

Өтетін күні мен уақыты:

1-бөлім – Астана қаласы, Astana IT University, акт залы: 12 сәуір, сағат 10.00 – 12.00;

2-бөлім – Түркістан қаласы, Х. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті: 25 сәуір сағат 10.00 – 18.30, 26 сәуір сағат 10.00 – 15.30.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button