БілімЖаңалықтар

Жас ғалымдармен кеңесті

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Нұр-Сұлтан қаласында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің үздік жас ғалымдарымен кездесіп, ауыл шаруашылығын дамыту және министрлік үшін кадрлық резерв даярлау мәселелерін талқылады.

[smartslider3 slider=337]

Министр өз сөзінде еліміз үшін білікті кадрлар даярлау сапасын жақсарту, жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарын мемлекеттік қолдау, агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жасалынып жатқан игілікті істер туралы айта келіп, ҚР Үкіметі бекіткен 2021-2025 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі Ұлттық жобаның ерекшеліктеріне егжей-тегжейлі тоқталды.
– Министрлік үшін кадрлық резервті қалыптастыру – өте ауқымды, шығармашылық сипаттағы және стандартты емес белгілері бар күрделі процесс. Кадрлық резервті қалыптас­тыруға, дамытуға және пайдалануға тән әлемдік бірқатар тәжірибелік тәсілдер бар. Олардың барлығы да әдетте ауыл шаруашылығы кешеніне қажеттіліктерге жауап беретіні анық. Біз де сол халықаралық тәжірибелерге сүйенеміз әрі осындай ашық диалог арқылы өтетін кездесулердің де жақсы нәтижелер беретініне сенеміз. Бұл Мемлекет басшысының агро саласының алдына қойған мақсаттарға жетуімізге көмектеседі. Сондықтан біз үшін өзекті зерттеулер мен ғылыми жұмыстар жүргізу арқылы жергілікті жерлерде мәселелерді шеше алатын жастармен кері байланыс орнату өте маңызды, – деді министр Ербол Қарашөкеев.
Кездесуге ҚазҰАЗУ-дың атынан 10 жас ғалым қатысты. Өз кезегінде топ жетекшісі, жас ғалым Бекзат Төрегелдиев ҚазҰАЗУ жас ғалымдар кеңесінің қызметі және университеттің жетістіктері мен алдағы даму жоспарлары туралы айтып берді.
«Университеттің жас ғалымдар кеңесі еліміздің жоғары оқу орындары арасында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының «Үздік жас ғалымдар кеңесі» атағына ие болды. Университеттің халықаралық білім хабы табысты жұмыс істеуде: академиялық ұтқырлық дамуда, үш тілде білім беру, сондай-ақ ағылшын тілінде оқыту жүргізілуде. 15 бағыт бойынша халықаралық жазғы және қысқы мектептер өткізіледі. Құрамында 7 ғылыми-зерттеу институт, 8 инновациялық орталық, 49 зерттеу зертханасы, 18 халықаралық зерттеу орталығы жұмыс істейтін халықаралық агротехнологиялық хабтың инновациялық қызметі кеңейтілуде» деді Бекзат Төрегелдиев.
Өз кезегінде министр Ербол Шырақпайұлы еліміздің әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-білім беру саласының түрлі мәселелеріне қатысты барлық сұрақтарға жауап беріп, алдағы уақытта мұндай кездесулер тұрақты сипатқа ие болып, аграрлық сектордың дамуына жаңа серпін беретініне сендірді.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button