Sport

Жас гимнастшылар жарысты

 

Астанада көркем гимнастикадан өткен «Жұлдыз – 2013» II Халықаралық турнирінде Қазақстан, Ресей және Беларусь спортшыларының мерейі үстем болды.

Биылғы додаға Қазақстан, Қыр­ғызстан, Ресей, Беларусь, Грузия, Сингапур, Израиль, Әзербайжан, Түркия мен Өзбекстан елдерінен 1998-2008 жылдары туған 200-ден астам жас гимнаст қатысты.

Әділ қазылар 2006-2008 жылы туған спортшылар арасында Аружан Қасенованы (Астана) үздік деп тапса, 2005 жылғылар арасында Каролина Кунцқа (Астана) ешкім тең келмеді деген шешімге келген. Сондай-ақ, 2004 жылғылар арасында Анас­тасия Симонова (Ресей), 2003 жылы туғандар ішінде Анжелина Смирнова (Ресей), 2002 жылы дүниеге келгендер арасында Айза Рүстемқызы (Павлодар), 2001 жылғылар арасында Юлия Исаченко (Беларусь), 2000 жылғы жасөспірімдер арасында Медина Нұрғали (Астана), 1999 жылы туған гимнастар арасында Лиза Майновская (Қарағанды) және 1998 жылы туған Селина Жұматаева жеңімпаз атанды.

Ербол ЖАНАТ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button