ЖаңалықтарҚала мен Сала

ЖАС КӘСІПКЕР БІЛІМІН ШЫҢДАЙДЫ

Жас кәсіпкер

Жақында елордада ашылған «Жас кәсіпкер мектебінде» кез келген адам қалауы бойынша білім ала алады.

Белгіленген жоспарға сәйкес мектепте екі апта бойы бизнесті басқару теориясы мен тәжірибесі оқытылады, ал оқудың соңында оқушылар жеке бизнес-жоспарын дайындап, оны қорғайды. Үздік деп танылған жобалар әлеуетті инвесторлар шақырылатын идеялар жәрмеңкесінде таныстырылады.Осылайша жоба авторы өзінің бизнес-идеясын іске асыру мүмкіндігіне ие болады.

Бірінші топтың сабақтары үстіміздегі жылдың маусым айында өткізілді. Қазіргі кезде 4-16 тамызда білім алатын екінші топқа қабылдау жүргізіліп жатыр. Мектепке жазылу үшін кәсіпкерлердің қызмет көрсету орталығымен хабарласу қажет.
Жоба жастардың инновациялық және кәсіпкерлік әлеуетін ашу және олардың арасында кәсіпкерлікті қалыптастыру мен дамытудың жағымды үрдісін қолдау мақсатында әзірленді.

Бұған дейін мұндай жоба 2012 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің базасында жүзеге асырылған болатын. Ол табысты болып, үш айдың ішінде 400 адам білім алды. Ал өткен жылы жоба еліміздің бес өңірінде қолға алынды, 632 адам оқытылып, 10 идеялар жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Сағи ОРАЛ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button