Жаңалықтар

Жас көшбасшылар жобасы

Астанада «Жас көшбасшы академия­сы» өз жұмысын бастады. Барлығы 10 күнде ұйымдастырушылар қарапайым оқушыдан нағыз көшбасшы студенттер
тәрбиелеп шығарамыз деп отыр. Жобаға қатысу үшін 50 адам іріктеліп алынған. Олардың арасында жоғары сынып оқу­шылары, елордалық оқу орындарының студенттері, магистранттар бар. Жастар көшбасшылықтың әліппесіне 13-і мен 25 мамыр аралығында 10 күн бойы үйре­нетін болады.

Сонымен қатар, академияда белгілі қоғам қайраткерлерімен, көрнекті саясаткерлермен кездесу ұйымдастырылып, олар өмірлік тәжірибелерін ортаға салатын болады.

«Жас көшбасшы академиясы» жобасы коммерциялық емес. Академияда оқу тегін. Өйткені, аталған жоба Астана қаласы әкімдігінің Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен жүзеге асырылып отыр.

Еркежан СӘТІМБЕК

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button